Текст
Судағы жазатайым оқиғалардың басым көпшілігі, әсіресе ерте жасөспірімдік шақта, жүзу дағдыларының болмауынан болып жатады. Мектеп жанындағы лагерьлерде демалып жүрген балалар бұл дағдыны үйренуге тамаша мүмкіндік алды. Оқу сабақтарын Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары рамалық - модульдік бассейн орнатылған Қопа көлінің жағасында жүргізеді. Жүзу сабақтары сауықтыруға ғана емес, сонымен қатар балаларды батылдыққа, тәртіптілікке, байсалдылыққа тәрбиелейді, ұжымда әрекет ету, бір-біріне көмектесу қабілеттерін дамытады.