"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылы жекелеген санаттағы оқушыларға материалдық көмек көрсету бойынша ақпарат

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тұратын балаларға көмек, Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына" Көкшетау қаласының білім беру ұйымдары қаржылық және материалдық көмекті білім алушылардың мынадай санаттарына көрсетеді: 
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
      3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына беріледі.
2023-2024 оқу жылында Көкшетау қаласының орта білім беру ұйымдарында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы 2653 оқушыны құрайды, оның ішінде: 
- АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-421;
- аз қамтылған отбасылардан-2098;
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасында тұратын балалар-134;
- Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар -0;
- білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылардың өзге де санаттары-0.
2024 жылы қаланың білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей білім беру қоры 422,55 млн. теңгені құрады. Жалпы білім беру қорының қаражатынан осы санат үшін тамақтануды ұйымдастыруға 258,2 млн.теңге, киім сатып алуға 11,1 млн. теңге, жазғы демалысқа 24,4 млн. теңге бөлінді.
2024 жылы 2595 оқушыға киім мен мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға 43407 теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, 2023 жылы "Мектепке жол" акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы 487 оқушыға жалпы сомасы 8,025 млн.теңгеге (оның ішінде 1-сынып оқушылары үшін) ақшалай қаражат және киім және кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек көрсетілді.
Жаңартылған күні: 11.09.2024 11:19
Құрылған күні: 11.09.2024 11:19

Текст