Текст
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен бекітілген балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес интернет желісіндегі балалардың ақпараттық қауіпсіздігі бойынша ұсынымдар берілді. Қағидаларды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігі жанындағы «Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» РММ ата-аналарды, мұғалімдерді және оқушыларды оқыту, сондай-ақ цифрлық сауаттылықты нығайту және ықтимал қауіптер туралы хабардар ету мақсатында әзірледі.