"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Көкшетау қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралады.

03.11.2025

Көкшетауда жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Көкшетау қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралады.

Жаңа техникалық лицейде өңір басшысы «Реновация» бағдарламасы аясында мұғалімдерге арналған жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады. Алты педагог өз саласына көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

Аталған лицей «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған. Қазіргі таңда мұнда 1500-ден астам оқушы білім алуда. Оқу процесі бір ауысымда өтеді, ал екінші ауысымда балалар түрлі үйірмелер мен қосымша білім беру секцияларына қатысады. Мектеп «ақылды» бейнебақылау жүйесімен жабдықталған — 170 интеллектуалды камера орнатылып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, министр «Аяла» балабақшасында болып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдаймен танысты. Мұнда балалардың ерте дамуы мен бейімделуіне барлық мүмкіндік жасалған. Облыс әкімі балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «инва-такси» алуға қаражат бөлінетінін атап өтті.

«Реновация» бағдарламасы аясында өңірде 10 жаңа мектеп ашылып, заманауи талаптарға сай толық жабдықталды. Бұл бастама білім беру инфрақұрылымын жақсартып, ұстаздар мен оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

📚 Білім сапасын арттыру мен педагог мәртебесін арттыру – өңірдің басты басымдықтарының бірі.

Просмотров: 568

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст