"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ Камқоршылық кеңесін сайлау туралы

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №12 жалпы білім беретін мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің сайланатынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңесті сайлау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (қолданыстағы редакцияда) сәйкес жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымын дамытуға ықпал ететін және оның қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын білім беру ұйымын басқарудың алқалы органы болып табылады.

Қамқоршылық кеңестің сандық құрамы

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

  • білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері — сыныптардың әрбір параллелінен бір өкілден, бірақ 11 адамнан аспайды;
  • педагогикалық еңбек ардагері — 1 адам (бар болса);
  • жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, иә болмаса құқық қорғау органдарының өкілдері — 1-ден 3 адамға дейін;
  • үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері — 1-ден 2 адамға дейін;
  • қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар — 1-ден 2 адамға дейін (бар болса).

Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметін еріктілік және өтеусіздік қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Кандидаттар шақырылады: Білім алушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар, меценаттар және қолданыстағы заңнама талаптарына сай келетін басқа да тұлғалар Қамқоршылық кеңес құрамына өз кандидатураларын ұсынуға шақырылады.

Іріктеуге қатысу үшін кандидат мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Еркін нысандағы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақ немесе орыс тіліндегі резюме (түйіндеме);
  4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. Соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;
  6. кәсіби және/немесе қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер.

Құжаттарды тапсыру мерзімі Құжаттар осы хабарландыруда белгіленген мерзім ішінде — орналастырылған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

  • Хабарландырудың орналастырылған күні: «10» қыркүйек 2026 жыл.
  • Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: «30» қыркүйек 2026 жыл.

Құжаттарды тапсыру орны мен тәртібі Құжаттар мен мәліметтерді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құрған Комиссия қабылдайды:

  • Электрондық пошта: shkola12.gkokshetau@mail.ru
  • Байланыс телефоны: 51-15-36, 87711531160

Кандидаттарды сайлауды Комиссия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

Ұсынылған құжаттарды қарау және кандидаттарды іріктеу нәтижелері бойынша Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамын бекітуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 


Текст